Елімізде тағы бір спортшы қызға көлік сыйға тартылды

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл жолы парадзюдо шебері Ақмарал Науатбекке көлік бұйырды

Фото: instagram.com/nauatbeka/?locale=ru&hl=cs

Қазақстан тарихындағы алғашқы парадзюдо бойынша Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек кәсіби JENYS дзюдо клубынан сыйға берілген жаңа автокөлікке ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл сыйлық спортшының қажырлы еңбегін, ерік-жігерін және халықаралық аренадағы орасан жетістіктерін мойындаудың жарқын үлгісі болды.

Ақмарал Науатбектің жетістіктері:

  • 2022 жылғы әлем чемпионы (Баку), 48 кг салмақ дәрежесінде, J2 санаты
  • 2023 жылғы IV Азия Параойындарының чемпионы (Ханчжоу)
  • 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы (Париж) – Қазақстан тарихындағы тарихи алтын
  • 2025 жылғы Әлем кубогының иегері (Тбилиси), 52 кг салмақ дәрежесі
  • «Халықтың сүйіктісі» және «Қазақстанның үздік спортшысы» марапаттарының иегері

Осыған дейін Әбиба Әбужақынова да төртінші көлігін сыйға алған еді.