03.07.2025, 09:12
Жаңалықтар
Қазақстанның жеті қаласында ауа нашарлайды: синоптиктер ескерту жасады
Мұндай жағдайларда зиянды қоспалар ауада ұзақ сақталып, жер бетіндегі қабатта жиналады
Фото: freepik.com
Еліміздің бірқатар қаласында 3 шілде күні ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қай қалаларда ауа ластанады?
«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ Астана мен Атырауда түнде ауа сапасының нашарлауына себеп болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжануда.
ҚМЖ дегеніміз не және ол неге қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл ауадағы зиянды заттардың таралуына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар. Оларға мыналар жатады:
- Тымық ауа райы;
- әлсіз жел;
- тұман;
- температуралық инверсия.
Ластаушы заттардың жиналуына әкеледі
Мұндай жағдайларда зиянды қоспалар ауада ұзақ сақталып, жер бетіндегі қабатта жиналады. Бұл әсіресе өнеркәсіптік аймақтарда және тығыз қоныстанған аудандарда ауа сапасының уақытша нашарлауына себеп болады.
Тұрғындарға не істеу керек?
- Таңғы және кешкі уақытта көшеде ұзақ жүрмеуге тырысыңыз;
- Маска кию немесе тазартқыш құралдарды қолдану ұсынылады;
- Балалар мен егде жастағыларға ашық ауада ұзақ жүрмеу.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды