Ол 68 жастағы әйелге несие рәсімдеуге көмектесуге уәде берген
Семейде 76 жастағы зейнеткер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше қалалық полицияға 68 жастағы зейнеткер шағымданған. Ол 2024 жылдың қазан айында несие рәсімдеуге көмектесуге уәде берген Қазбек есімді азаматқа 100 000 теңге бергенін айтқан.
"Алайда ақша алғаннан кейін ол азамат байланысқа шықпаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол – Семей қаласының 76 жастағы тұрғыны болып шықты", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті өз кінәсін мойындап, ақшаны жұмсап жібергенін айтты. Аталған дерек бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Абай облысы полиция департаменті: