Алматы облысында ит талаған бүлдіршіннің жағдайына қатысты тың ақпарат жарияланды
Оқыс оқиға 1 шілде күні болды

Алматы облысында ит талаған 10 жасар баланың жағдайына қатысты тың ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 шілдеде жағдайы тұрақталғаннан кейін 2014 жылы туған пациент Қарасай аудандық орталық ауруханасынан Облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Ол реанимация бөліміне жатқызылды.
«Пациенттің жағдайы – тұрақты ауыр, нашарлау белгілері жоқ. Есін біледі. Науқаспен және анасымен клиникалық психолог жұмыс жүргізіп жатыр.
Пациентті Қазақ медициналық университетінің нейрохирургі мен Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры қарады. Емдеу клиникалық хаттамаларға сай, толық көлемде жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алматы облысында доп теуіп жүрген 10 жасар баланы үш ит талап тастап, бала ауыр халде Қаскелең қаласындағы аурухананың жансақтау бөліміне түсті.