Ғалымдар шомылу маусымында қандай ауруларды жұқтыру қаупі бар екенін айтты
Инфекция азаға түскенде ішті өткізіп, дене қызуын көтереді

Жаздың аптап ыстығы басталысымен адамдар өзен-көлдің жағасында демалады. Пермь политехникалық университетінің (Ресей) мамандары демалушылар қандай инфекцияларды жұқтырып алуы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ластанған су әртүрлі инфекцияның ошағы екенін ұмытпау керек.
Тері аурулары ең көп таралған. Бактерия дерматитке шалдықтыруы мүмкін.
Асқазан-ішек инфекциясын бактериялар, вирустар және паразиттер тудырады. Олар сумен бірге ағзаға түскенде ішті өткізіп, дене қызуын көтереді. Ауыр жағдайларда ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін.
Құлақ инфекциясы (сыртқы отит) көбінесе жүзу кезінде құлаққа түсетін бактериялардан туындайды.
«Leptospira бактериялары тудыратын лептоспироз сияқты аса ауыр инфекциялар сирек кездеседі, ол ағзаға зақымдалған тері немесе шырышты қабаттар арқылы еніп, дене қызуын көтереді, бас, бұлшықет ауыруына себеп болады», - дейді университеттің ғылыми кеңесшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Сергей Солодников.
Жағажай демалысын қауіпсіз өткізу үшін сақтық шараларын есте сақтаңыз. Арнайы белгіленген жерлерде ғана жүзіңіз. Егер жараңыз болса немесе бір жеріңізді жырып алсаңыз, инфекция жұқтырмау үшін жағада қалғаныңыз дұрыс. Шомылғаннан кейін теріні сабынмен жуу керек.