$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде жасөспірімді өлтіріп кетті: жаппай төбелеске қатысқандар сотталды

Кәмелетке толмаған баланы атып, ұрып-соғып, пышақтап өлтірген

Ақтөбеде жасөспірімді өлтіріп кетті: жаппай төбелеске қатысқандар сотталды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде жаппай төбелеске қатысқан 10 адам сотталды. Зардап шеккендердің бірі кәмелетке толмаған бала пышақ жарақатынан көз жұмды. Тағы сегіз адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот нені анықтады?

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше 2024 жылғы 27 мамырда Ақтөбе қаласында айыпталушылар Н., Қ. және Д. кәмелетке толмаған інілерінің арасындағы жанжалды сылтау етіп, жәбірленуші М.-ден және басқалардан 300 000 теңге немесе iPhone 13 талап еткен. Олар бас тартқан жағдайда қару қолданып, пышақ жарақатын саламыз деп қорқытқан.

«2024 жылғы 28 мамыр күні түн ортасында «М» базарының автотұрағында айыпталушылар мен жәбірленушілер (барлығы 32 адам) кездескен. Әңгімелесу барысында сотталушылардың бірі жәбірленушілер жағына үш рет оқ атқан. Содан кейін С., С-1 және Б. есімді сотталушылар екі ВАЗ автокөлігімен қашып бара жатқан адамдарды басып өткен. Кәмелетке толмаған жәбірленуші бытыралы жарақат алып, құлаған кезде сотталушы Т. пышақпен 1–2 рет сұғып, ал Е. оның бетіне 2–3 рет жұдырықпен соққы жасаған. Осыдан кейін Н., Д. және Қ. кәмелетке толмаған жәбірленушіге өмірлік маңызды жерлеріне бірнеше пышақ жарақатын салып, қолы мен аяғының сіңірлерін кесіп жіберген. С-2 қалған жәбірленушілерді қуған. Ауыр жарақат салдарынан кәмелетке толмаған жәбірленуші қаза тапқан», - деп жазылған сот хабарламасында.

Тағы 8 жәбірленуші аяғына тиген бытыра оғынан жеңіл дене жарақатын алған.

Қандай жаза кесілді

Айып тағылған 10 сотталушының барлығы өз кінәсін мойындамады. Алайда сотталушылардың кінәсі сотта дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушылар:

  • Н. мен Д.​ - ҚК-нің 194-б. 2-б 2-т., 28-б. 3-б. - 99-б. 2-б. 1),6),7),8),9) – тармақтарымен, 99-б. 2-б. 5),7),9),14) – тармақтарымен кінәлі деп танылды. ҚК-нің 58-б. 4-б. сәйкес, әрқайсысына, қылмыстырдың жиынтығы бойынша, жазаларды iшiнара қосу арқылы, түпкілікті 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді;
  • Қ. - осы баптармен және ҚК-нің 256-б. 2-б. кінәлі деп танылып, оған үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді;
  • С. - ҚК-нің 194-б. 2-б 2-т., 28-б. 5-б. - 99-б. 2-б. 1),6),7),8),9) – тармақтарымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-б. 4-б. сәйкес, түпкілікті 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;
  • М., С-1, Е., Т. және С-2 ҚК-нің 194-б. 2-б 2-т., 24-б. 3-б. - 99-б. 2-б. 1),6),7),8),9) – тармақтарымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-б. 4-б. сәйкес, әрқайсысына, түпкілікті 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді;
  • Б., ҚК-нің 194-б. 2-б 2-т., 24-б. 3-б. - 99-б. 2-б. 1),6),7),8),9) – тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған, ҚК-нің 58-б. 4-б. сәйкес және ҚК-нің 55-б қолданылып, түпкілікті 11 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сотталушылар С, М., Б., С-1, Е., Т. және С-2, олардың іс әрекеттерінде ҚК-нің 99-б. 2-б, 1,5,7,9,14 - тармақтарында көзделген қылмыстың құрамы болмауына байланысты ақталды.

Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, сотталғандар Н., Қ., Д.-дан, әрқайсысынан 10 000 000 теңге моральдық зиян және үлестік тәртіпте 986 384 теңге мүліктік шығын өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары