«Мен үшін ауыр тақырып»: Жұлдызай Дүйсенбиева тойда әкесін құшақтап жылады (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Ол ұлды қыздан жоғары қою дұрыс емес екенін айтты

Фото: видеодан скриншот

«Шаншар» театры арқылы танылған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында неліктен әкесін құшақтап жылағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актрисаның айтуынша әкесі ешқашан ұл балам жоқ деп қапаланбаған.

«Менің отбасымда ұл бала жоқ. Бұл мен үшін ауыр тақырып. Кеше ғана ең кішкентай сіңлімді ұзатқан кезде тойда 150 адамның алдында әкемді құшақтап жыладым. Рахметімді айттым. Өйткені менде ұл бала болмай қалды деп, анамды тастап кетпеді. Анам рұқсат берсе де, «жоқ, осы менің 4 қызыма Құдай күш-қуат берсін деді. Бәрімізді жақсы көріп, тәрбиелеп, осындай дәрежеге жеткізді», - дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Ол ұлды қыздан жоғары қою дұрыс емес екенін атап өтті.

«Бізде қазақта ұл туған әйелді ғана жоғары қояды. Жалпы ұлды жоғары қояды. Сонда қыз перзент емес пе?», - дейді әртіс.