Түркістан облысында лауазымды шенеунік ұсталды

Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше ол жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді ресімдеуге жәрдемдескені үшін Түркістан қаласының тұрғынынан 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
«Күдікті соттың санкциясымен 2025 жылдың 28 маусымында қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деп жазылған хабарламада.
Ведомство Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін әрбір адам кінәсіз болып деп есептелетінін еске салды.
Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы – отставкадағы генерал-майорға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Ол адал кәсіпкердің сенімін асыра пайдаланып, жоғары дәрежелі әскерилердің беделін пайдаланып, оның ақшалай қаражатын аса ірі мөлшерде иемденген.