Ол 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен болатын
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы кездесуінде жарақатына байланысты қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Абылайхан алғашқы кездесуін Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековке қарсы өткізген болатын.
Қазақстандық боксшы алғашқы раундтарда басымдық танытты. Алайда, үшінші раундта жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Осылайша, отандасымыз жарыста өнер көрсетуін аяқтады.