Оқыс оқиғадан қаза болғандар тіркелген жоқ
Қырғызстанның Шу облысында орналасқан Такир-Тор көлі жағасынан асып, төтенше жағдайға себеп болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Kaktus.Media-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Шу облыстық басқармасының мәліметінше, сағат 17:42-де көл жағасынан тасып кеткен.
Министр Бообек Ажикеевтің тікелей бақылауымен келесі ауылдардан тұрғындарды көшіру жұмыстары басталды: Алмалуу, Горная Серафимовка, Нижняя Серафимовка.
Құтқарушылар 180 адамды, оның ішінде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған интернат тұрғындарын эвакуациялады.
ТЖМ жариялаған бейнежазбада олардың мектеп, балабақша, және Норус ауылы мешітінде уақытша орналастырылғаны көрсетілген.
Алайда, кейбір куәгерлер эвакуацияланғандар Туз ауылында екенін хабарлады.
Такир-Тор көлінің жағдайы дрон арқылы бақыланып, су тасқыны ағынына мониторинг жүргізіліп жатыр.
«Алдын ала мәлімет бойынша, сағат 18:40-қа дейін адам шығыны мен материалдық залал тіркелмеген. Жағдай бақылауда», – деді департамент директоры Даурбек Сакиев.