Қалалық білім бөлімі мәлімдеме жасады
Ақтау қаласында 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша 78 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Былтыр бұл марапатты 35 оқушы ғана алған болатын.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, биыл Ақтаудағы жалпы білім беру мекемелерін шамамен 3600 түлек аяқтады.
«Бұл – мұғалімдердің кәсіби еңбегінің және оқушылардың табандылығының нақты нәтижесі. Биылғы түлектердің жетістігі – қаламыздағы білім сапасының жоғары екенін және оқу үдерісіне деген жауапкершілік бар екенін көрсетеді», – деді Ақтау қалалық білім бөлімі.