$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жастар видеоға түсіп қалды: жүргізушілері жазаланды

Олар көлік терезесіне отырып алып, жұрттың назарын аударды

Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жастар видеоға түсіп қалды: жүргізушілері жазаланды
Фото: Видеодан скрин

Ақтауда бір топ жасөспірім жүріп келе жатқан көліктен басын шығарғаны үшін жүргізушілері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу деректері бейнеленген видео тарады. Кадрларда Toyota, Lexus және LADA Priora маркалы төрт автокөліктің жолаушылары терезеден басын, денесін шығарып отырған сәті көрініс тапқан.

Нөмірлер бойынша жүргізушілер жауапқа тартылды

26 маусым күні әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде жол ережелерін бұзған жүргізушілер анықталды.

«Барлық жүргізуші анықталып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция қызметі.

Әкімшілік хаттамалар толтырылды

Ақтау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабы – жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, 595-бабы – жол жүрісін басқа көлікке кедергі келтіретіндей ұйымдастыру бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Көліктер қозғалыс кезінде жолаушылардың терезеден шығуы, түнгі уақытта жарық шамдарын қоспай көлік жүргізу фактілері тіркелген.

Серіктес жаңалықтары