28.06.2025, 02:06
Жаңалықтар
Қазақстандық теннисшілердің Уимбилдон турниріндегі қарсыласы анықталды
Уимбилдон турнирінде 6 қазақстандық өнер көрсетеді
Фото: Olympic.kz
Лондонда (Ұлыбритания) өтетін беделді әлемдік теннис турнирі – «Уимблдонның» жеребесі тартылды. Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарыстың негізгі кезеңінде Қазақстан атынан Бейбіт Жұқаев, Александр Бублик, Александр Шевченко, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Анна Данилина (жұптық сайыста) өнер көрсетеді.
Жекелей сайыста отандастарымыз төмендегі қарсыластармен кездеседі:
- Александр Бублик – Хайме Мунар (Испания);
- Александр Шевченко – Райли Опелка (АҚШ);
- Бейбіт Жұқаев – Флавио Коболли (Италия);
- Елена Рыбакина – Элина Аванесян (Армения);
- Юлия Путинцева – Аманда Анисимова (АҚШ).
Анна Данилинаның жұптық сындағы қарсыластары кейінірек белгілі болады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды