27.06.2025, 21:02
Жаңалықтар
Қарағандыда автобус күтіп тұрған әйелдің толғағы қысып, аялдамада босанып қойды
Жаңа туған шақалақтың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: freepik.com
Қарағанды қаласында әйел адам автобус аялдамасында толғағы ұстап, сәбиін сол жерде дүниеге әкелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігерлер жедел көмек көрсетті
Оқиға «ТБЦ» аялдамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем қызметі шұғыл келіп, тиісті медициналық көмек көрсеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растап отыр.
«Көрсетілген көмектен кейін анасы мен нәресте облыстық клиникалық ауруханадағы перинаталдық орталыққа жеткізілді», – деп мәлімдеді ведомстводан.
Сәбидің жағдайы ауыр
Дәрігерлердің айтуынша, анасының жағдайы – тұрақты. Дегенмен, жаңа туған сәби – жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады