Қос әншінің тойда отырған сәті жарияланды
Танымал әншілер – Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның тойда жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода қос әншінің микрофон ұстап, сахнаға шығар сәтін күтіп отырғанын байқауға болады. Алайда желі қолданушылары Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаева түрлі сыбыс таратты.
«Екеуі де ажырасқан ба?», «Бұлар екі бөлек отан емес, бір отбасы сияқты қашаннан», «Екеуі де ажырасқан. Бірақ өздері біз біргеміз деп айтпаса, ешкімнің жұмысы болмауы керек», «Бұлар ажарасқан адамдар. Екеуі бірге сияқты», «Екеуі баяғыда қосылды ғой», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Әйгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжановтың түріктің әйгілі әніне вальс билеген видеосы жарияланған болатын.