«AMANAT» партиясы журналистер арасындағы осы республикалық байқауды 16 жыл қатарынан өткізіп келеді
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясы журналистер арасында өткізілетін дәстүрлі республикалық «AMANAT медиа сыйлығының» қорытындысын шығарды. Биыл 10 номинация бойынша 11 жеңімпаз анықталды. Жалпы, осы уақыт аралығында бұл марапатты отандық медиа саласының 150-ден астам өкілі иеленді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«AMANAT» партиясы журналистер арасындағы осы республикалық байқауды 16 жыл қатарынан өткізіп келеді. Осы жылдар аралығында аталған іс-шара еліміздің ақпарат саласындағы маңызды оқиғаға айналды. Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов байқау жеңімпаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының барша өкілін алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барша журналистер қауымын құттықтап, мәртебелі марапаттар тапсырды. Президентіміз ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін ерекше атап өтті. Расымен де, журналист – қоғамның айнасы, шындықтың шырақшысы, халықтың аманатын арқалаушы. Мұның бәрі бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі мен алар орнын айқындайды. Сіздер – қоғамдық пікір қалыптастырасыздар. Сондықтан сіздерге деген ықылас та, ілтипат та, артылатын сенім де жоғары», – деді ол.
Сондай-ақ Ерлан Қошанов бүгінде «AMANAT» партиясы өз сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында БАҚ-пен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар ол журналистердің «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» және өзге де партиялық жобаларды жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Оның барлығы азаматтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған.
Мәжіліс Спикері медиа сыйлық арқылы партия еліміз үшін аса маңызды мәселелерге БАҚ назарын аударатыны атап өтті. Бұл – Мемлекет басшысының реформалары, тарихи оқиғалар, партиялық жобалар. Бұл тақырыптар журналистерге етене жақын. Биыл байқауға 3000-ға жуық өтінім келіп түсті. Барлық жұмыстың төрттен бір бөлігі «Еңбек адамы туралы үздік материал» номинациясына тиесілі. Сонымен қатар биыл алғаш рет еліміздің экологиялық күн тәртібіне үлес қосқан жүрналистер үшін «Taza Qazaqstan» арнайы номинациясы, сондай-ақ Конституцияның 30 жылдығына арналған номинация тағайындалды. Аймақтық журналистикаға, сондай-ақ әлеуметтік желілерде қоғамдық пікір қалыптастыратын блогерлерге ерекше назар аударылды.
Осылайша, Жігер Сәрсен «Телевизия үздігі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Оның айтуынша, «AMANAT» партиясы ел мүддесіне адалдық танытып, журналистердің кәсіби еңбегін бағалаудың жарқын үлгісіне айналған конкурс өткізу арқылы отандық журналистикаға көп жыл жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
Ал Аманкелді Құрмет «Алаш аманаты» арнайы номинациясын иеленді. Оның материалы тарихи жадыны жаңғыртуға, сақтауға және ұлттық бірегейлік тақырыбына арналды. Оның айтуынша, бұл марапат – тек бір мақала үшін емес, жалпы ұлттық құндылықтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған кәсіби қызметіне берілген жоғары баға. Ол «AMANAT» партиясы ұлттық сана қалыптастыратын маңызды тақырыптарға жүйелі түрде қолдау көрсететінін және мұндай жұмыс журналист кәсібіне терең мағына беретінін атап өтті.
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша, биыл «AMANAT медиа сыйлығының» келесідей жеңімпаздары анықталды:
Арнайы сыйлық иегерлері: