$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда толассыз жауған жаңбыр суы көшелерді басып қалды: әкім үндеу жасады (ВИДЕО)

Ауа райының күрт нашарлауынан кейбір аудандар жарықсыз қалды

Қарағандыда толассыз жауған жаңбыр суы көшелерді басып қалды: әкім үндеу жасады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Қарағандыда ауа райы күрт өзгеріп, толассыз жауын жауды. Жауын-шашын салдарынан қаланың кейбір бөліктерінде су басу жағдайлары тіркелді. Қаланың жағдайы туралы Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарық өшіп қалды

Әкімнің айтуынша, қатты жауын салдарынан қалалық қосалқы станциялар жұмысында технологиялық ақаулар болған. Қазіргі уақытта кейбір тұтынушыларға электр жарығы қайта берілді. Қала бойынша қайта қосу жұмысы жалғасып жатыр, сондықтан кей жерлерде уақытша жарық өшірілуі мүмкін. Бұл – қауіпсіздік мақсатындағы шара.

«Тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұраймын. Бірқатар бағдаршам қайта іске қосылды, қалғандарына қатысты тексеру жүріп жатыр. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», – деді әкім.

Нөсер кәрізі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр

Мейрам Қожықовтың айтуынша, нөсер кәрізі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Торлар мен люктер ашық, су ағып жатыр.

«Сондай-ақ су сорғыту жұмысы жалғасуда. Егер аулаларыңызда, жекеменшік үйлеріңізде немесе жертөлелерде су басу жағдайы тіркелсе, бұл туралы пікірге жазыңыздар – барлық ақпарат тиісті қызметтерге жолданады. Жағдай толық бақылауда», – деп түйіндеді қала әкімі.

Серіктес жаңалықтары