26.06.2025, 04:05
Жаңалықтар
Түлектер білім грантына қашан құжат тапсыра алады: ресми мәлімет жарияланды
Ұлттық тестілеу орталығы ресми мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com
Қазақстандық талапкерлерге арналған маңызды ақпарат жарияланды. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, грант конкурсына құжат қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжаттарды қабылдау онлайн да, офлайн да өтеді
Құжаттар екі түрлі форматта қабылданады:
- Офлайн – жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы;
- Онлайн – eGov.kz порталы арқылы.
Грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар қажет?
Талапкерлер төмендегі құжаттарды дайындауы тиіс:
- Жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фотосурет;
- Орта білімі туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
- Әлеуметтік жеңілдік санаты бойынша қатысуға арналған растайтын құжаттар;
- B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы.
Қосымша ақпарат қайдан алуға болады?
Қосымша мәліметтер мен кеңестер алу үшін әрбір ЖОО-ның қабылдау комиссиясына жүгінуге болады.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды