Абай облысында 60-тан асқан әже интернет-алаяқтықпен айналысқан

Автор: Мөлдір Қазыбай

Аймақта интернет-алаяқтық өршіп тұр

Фото: Freepik.com

Абай облысында интернет-алаяқтық үдеп барады. Қолға түскендер арасында 60-қа келген әже де бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, 2025 жылы Абай облысында интернет-алаяқтық фактілері 55,7% өсіп, барлығы 408 оқиға тіркелді. Бұл саладағы құқық бұзушылықтармен күресу үшін арнайы шаралар қабылданып жатыр.

Киберқылмысқа қарсы басқарма жұмыс істейді

2025 жылдың қаңтарында құрылған Киберқылмысқа қарсы басқарма жыл басынан бері:

  • 11 күдіктіні ұстады;
  • 1 190 заңсыз сайтты бұғаттады.

«Антифрод-орталығы» қызметі

Алаяқтыққа қарсы «Антифрод-орталығы» арқылы:

  • 1 056 инцидент тіркелді;
  • 392 дроппер анықталды (ақша аударымдарындағы делдалдар).

Қаржының бір бөлігі жәбірленушілерге қайтарылды

Қылмыскерлердің 16,5 миллион теңгесі бұғатталып, оның 9,8 миллион теңгесі нақты зардап шеккен азаматтарға қайтарылды.