Қазақстандық археологтардың жаңалығы жарияланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы сақ дәуіріне жататын алтын бұйымдарды тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазба жұмыстары Алматы облысының Ұйғыр ауданына қарасты Тоғызбұлақ ауылының маңында жүргізілген. Зерттеу жұмыстына тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байғонақов жетекшілік еткен.
Экспедиция барысында археологтар Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 атты екі ірі қорымда зерттеу жүргізді.
Қорғандардың көбі солтүстіктен оңтүстікке бағытталған және жүйелі түрде орналасқан, бұл олардың ерекше мәдени және әлеуметтік мәнін көрсетеді.
Тоғызбұлақ-1 қорымындағы №3 және №4 қорғандардан ерекше құнды археологиялық олжалар табылды:
№4 қорғаннан ер мен әйел адамның сүйектері, сондай-ақ мынадай заттар табылды:
№3 қорғаннан адамның сүйек қалдықтары мен алтын пластиналар және сирек кездесетін арыстан бейнеленген алтын жүзік табылған. Бұл жүзік 8 грамм салмақпен жасалып, синкретизм элементтерін біріктіреді: бейнеде арыстанның тұмсығы мен жалынан бөлек, әйел жүзі, бұқа немесе қошқар бейнелері де байқалады.
Мамандардың айтуынша, табылған бұйымдар мен жерлеу рәсімі сақ тайпаларына тән. Бұл қорымдар ерте темір дәуіріне жатады. Табылған заттар Қазақстан аумағында сақ мәдениетінің кең таралғанын және осы ауданының сол дәуірде өркениет орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді.
«Артефактілердің көркемдік деңгейі мен мазмұны – сақ дәуірінің дүниетанымын, діни сенімдерін, символикасын тануға мүмкіндік береді. Бұл табыстар – қазақ даласының бай мұрасының айқын дәлелі», – деді профессор Досбол Байғонақов.