Қазақстан әлемдік қаржы нарығында 2,5 млрд долларға еурооблигациялар орналастырды
Орналастыру алдында Лондонда роудшоу өтіп, оған 180-ге жуық ірі халықаралық инвестор қатысты

Қазақстан халықаралық капитал нарығына жалпы көлемі 2,5 млрд АҚШ доллары болатын егеменді еурооблигацияларды орналастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Орналастыру құрылымы: екі транш
-
1,35 млрд АҚШ доллары
• Мерзімі – 7 жыл;
• Купондық мөлшерлемесі – 5%. - 1,15 млрд АҚШ доллары
• Мерзімі – 12 жыл;
• Купондық мөлшерлемесі – 5,5%.
Инвесторлар тарапынан жоғары сұраныс
Орналастыру алдында Қаржы министрлігі Лондонда роудшоу өткізді, оған 180-ге жуық ірі халықаралық инвестор қатысты. Нәтижесінде, еурооблигацияларға деген сұраныс ұсыныстан екі есеге артық болды.
Сұраныс географиясы:
- Еуропа;
- АҚШ;
- Азия;
- Таяу Шығыс.
«Бұл Қазақстанға деген әртараптандырылған және сапалы инвестициялық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді», - делінген Қаржы министрлігі хабарламасында.
Әлем елдерімен салыстыру:
- Қазақстанның табыстылық деңгейі A/AA рейтингіндегі Польша, Сауд Арабиясы және Чили елдерімен тең.
- Сонымен қатар, BBB рейтингіндегі Мексика, Венгрия және Перу елдерімен салыстырғанда едәуір төмен.
Қазақстан биыл A/BBB рейтингіндегі елдер арасында ең төменгі купондық мөлшерлемемен облигацияларды орналастырған елдердің қатарына енді.
Бұл жетістікке мына факторлар ықпал етті:
- Тұрақты экономикалық өсім;
- Төмен мемлекеттік қарыз;
- Жоғары халықаралық резервтер.
Реформалар инвесторлардың сенімін арттырады
Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан бюджет-салық реформалары мен саяси жаңғырулар халықаралық инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін арттырды.
Ұлттық компаниялар үшін жаңа бенчмарк қалыптасты
Аталған еурооблигациялардың табысты орналастырылуы ұлттық компаниялар мен жеке сектор эмитенттері үшін бенчмарк (бағдар) қызметін атқарады. Бұл болашақта олардың халықаралық нарыққа шығуын жеңілдетеді.
Листинг орындары
Еурооблигациялар келесі сауда алаңдарында листингке енгізіледі:
- Лондон қор биржасы;
- Астана халықаралық қаржы орталығының биржасы;
- Қазақстан қор биржасы.
Бұрынғы қарызды қайта қаржыландыру
Қаржы министрлігі осы орналастыру нәтижесінде бұрын шығарылған еурооблигацияларды толық көлемде қайта қаржыландырды, бұл сыртқы қарыз құрылымын оңтайландыруға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан тоғыз жылда алғаш рет еурооблигация нарығына шыққаны хабарланған болатын.