Тоқаев Словения президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Асыл Арман

Словенияда ұлттық мереке – Мемлекеттілік күні атап өтіліп жатыр

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

«Астана мен Любляна арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Сіздің биылғы көктемде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Біз қол жеткізген уағдаластықтар қазақ-словен сан қырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», – делінген жеделхатта.