Оқиға подъезде лифт жанында болды
Атырауда полиция қызметкерлері подъезде бейтаныс қызды ұрып кеткен ер адам қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып, Полиция департаменті ресми пікір білдірді.
«Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды: күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ұрып-соғу бабымен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Атырауда подъезде лифт жанында тұрған қыз баланы ер адам аяусыз ұрып-соғып кеткені хабарланған болатын.