Оқыс оқиға демалыс базаларының бірінде болды
Маңғыстау облысында қатты жел ер адамды жағада ұзатып әкетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға Қарақия ауданындағы демалыс базаларының бірінің аумағында болған. Ер адамды қатты жел ашық теңізге қарай алып кеткен, ол өз бетімен жағаға жете алмай қалған.
«Моторлы қайықпен патрульдеу жүргізіп жүрген құтқарушылар көмек сұраған ер адамды байқап, дереу жағаға жеткізді», – деп жазады басылым.