Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклондар мен оларға байланысты атмосфералық фронттар жылжуын жалғастыруда, бұл елде тұрақсыз ауа райының қалыптасуына себеп болуда.
«Алдағы күндері елімізге тағы бір фронттық белсенділік толқыны әсер етіп, жауын-шашын, екпінді жел және найзағаймен қатар жүреді.
Республика аумағының басым бөлігінде нөсер жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін», - делінген синоптиктер болжамында.
Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, аптап ыстықтың беті қайтады: