Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр
Павлодар облысында 19 маусым күні болған жойқын дауылдан кейін Ақсу қаласы мен ауылдық елдімекендерде қалпына келтіру жұмысы төртінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Ақжол» метеостанциясының мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 35 метрге дейін жетіп, ондаған нысан зақымданған. Көптеген үйлер мен кәсіпорындар бірнеше күн бойы электр жарығынсыз отыр.
Ақсу және ауылдық елдімекендерде жарықсыз қалған тұтынушылар саны:
14 электрик бригадасы, қосымша Май, Ақтоғай, Ертіс аудандары мен Павлодардан көмекші бригадалар жұмылдырылған;
Қала инфрақұрылымына келген нақты шығын әлі есептеліп жатқан жоқ