Сирия астанасында шіркеуде теракт болып, 20 адам қаза тапты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Экстремист шіркеуге кіріп, алдымен оқ жаудырып, артынша жарылғыш белдігін іске қосқан

Фото: BBC

Дамаск қаласындағы Дувейла ауданында орналасқан Мар Элиас шіркеуінде жанкешті жасаған жарылыстан кемінде 20 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Лаңкестік әрекетті кім жасады

Сирияның Ішкі істер министрлігі мәлімдегендей, шабуылдаушы террористік ұйымының мүшесі болған.

Ол шіркеуге кіріп, алдымен оқ жаудырып, артынша жарылғыш белдігін іске қосқан. Шабуылға екі ер адам қатысқан, оның бірі өзін жарып жіберген.

Грекия бұл әрекетті қатаң айыптады

Грекияның Сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасап, лаңкестік әрекетті «жиіркенішті» деп атап, Сирия билігін шұғыл шара қабылдауға шақырды:

«Біз Дамасктегі грек православие шіркеуінде болған бұл жауыз әрекетті сөзсіз айыптаймыз. Сирияның өтпелі үкіметі кінәлілерді жазаға тартып, христиан қауымдастығы мен өзге де діни топтардың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауы тиіс», – делінген мәлімдемеде.