23.06.2025, 06:42
Жаңалықтар
Өскеменде әке мен бала Ертіс өзеніне ағып кете жаздады
Оларға ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкері дереу көмекке жетті
Фото: ШҚО ТЖД
Өскемен қаласында Ертіс өзеніне ағып бара жатқан ер адамды ұлымен бірге құтқарушылар жағаға алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы шұғыл әрекет етті
ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкері Бауыржан Капитанов жылдам әрекет етіп, құтқару шеңберін лақтырып, 1983 жылы туған ер адам мен 2012 жылы туған ұлын судан аман-есен жағаға алып шықты.
Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су қоймаларында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауғашақырады:
- Қауіпсіздік сызығынан асып жүзбеңіздер;
- Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар;
- Мас күйде шомылуға болмайды;
- Арнайы жабдықталмаған орындарда суға түспеңіздер.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
01.01.2026, 15:58
2 қаңтарда Қазақстанда қар жауып, боран соғады
01.01.2026, 15:19
Кентауда газ жарылып, бір адам қаза тапты
01.01.2026, 10:36
Таразда мейрамхана аумағында өрт шығып, 100 адам эвакуацияланды
02.01.2026, 00:48
Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас жаңа жылды бірге қарсы алды
01.01.2026, 08:53
Биыл қасқыр мен шибөріні атуға қандай жағдайда рұқсат беріледі
02.01.2026, 13:59
Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 60 адам эвакуацияланды