Астанада ертең дрондар шоуы өтеді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Астанада Қазақстан полициясы күні атап өтіледі

Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласындағы ЭКСПО маңында 23 маусым күні Қазақстан полициясы күніне арналған дрондар шоуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дрондар шоуының уақыты

Дрондар шоуы сағат 22:00-де басталады. Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл кештің басты бөліміне айналатын ауқымды көрініс заң мен тәртіпке деген құрметтің символы болмақ.

Мерекелік концерт те өтеді

Шоу басталмас бұрын, сағат 21:00-де көрермендер үшін арнайы концерттік бағдарлама ұсынылады. Онда әртүрлі өнерпаздар елордалықтарды мерекемен құттықтайды.