Отырысқа қандай ведомстволар қатысатыны белгілі болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 23 маусым күні құқық қорғау органдары алқасының кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Отырысқа Қазақстан Республикасының Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы қатысады», – делінген хабарламада.