Аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр: 20 маусымда ауа райы қандай болады
Еліміздің алты өңірінде аптап ыстық сақталады

Синоптиктер 20 маусымға жасалған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Күндіз Жетісу, Абай облыстарында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында 35-37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 24-26 жылы.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, күндіз 23 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 22-24 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады – 3-8, түнде екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 31-33 градус ыстық.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады – 9-14, түнде екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 33-35 градус ыстық.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 34-36 градус ыстық.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 21-23 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.
Оралда көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 22-24 градус жылы.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 26-28 градус жылы.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус жылы.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы.
Петропавлда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады – түнде 9-14, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы.
Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус жылы.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 градус ыстық.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20, күндіз 25 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 30-32 градус ыстық.
Семейде көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, күндіз 25 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 28-30 градус ыстық.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 35-37 градус ыстық.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 34-36 градус ыстық.