20.06.2025, 11:23
Жаңалықтар
Қазақстанда келер оқу жылында 206 мың оқушы орны ашылады
Жаңа форматтағы мектептер – кеңірек, заманауи әрі толық жабдықталған
Фото: istockphoto.com
Президенттің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында елімізде жаңа форматтағы мектептер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Келешек мектебі» деген не?
Жаңа мектептер бұрынғы типтік білім ошақтарынан бірнеше ерекшелігімен айрықшаланады:
- Пайдалану алаңы 15-20% үлкен;
- Техникалық жабдықталуы – 4 есе жоғары;
- Заманауи білім беру ортасын қамтитын кеңістік.
Әр мектепте қарастырылған:
- Робототехника кабинеттері;
- STEM-зертханалар;
- Коворкинг аймақтары, хореография залдары;
- Бір мектепте 4 спорт залына дейін қарастырылуы мүмкін.
2024 жылы не атқарылды?
-
2024 жылы – 105 жаңа форматтағы мектеп пайдалануға берілді.
- 2025 жылдың соңына дейін – тағы 112 мектеп ашылады деп жоспарланған.
Осылайша, 2025–2026 оқу жылында елімізде қосымша 206 000 оқушы орны қолжетімді болады.
Жобаның жалпы көрсеткіші
2026 жылға дейін:
- Барлығы 217 мектеп салынады;
- Жалпы сыйымдылығы – 460 мың оқушы орны.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
01.07.2026, 11:33
Университет түлегі мен профессордың диплом табыстау сәтіндегі биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
01.07.2026, 12:47
Маңғыстау облысында жүздеген еркекке әйел адам жасалатын қымбат ота түрлері рәсімделген