Бір жарым жасар қыз екінші қабаттан, ал 7 жастағы ұл бесінші қабаттан құлаған
Рудный қалалық көпбейінді ауруханасына бірнеше сағат аралығында екі бала жоғары қабаттан құлап, түрлі жарақаттармен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1,5 жасар бүлдіршін қыз екінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алған. Оған облыстық балалар ауруханасынан келген хирургтар шұғыл ота жасады. Олар Рудныйға санавиация желісі арқылы түнде жеткен.
«Қыздың жағдайы өте ауыр», – деп мәлімдеді дәрігерлер.
Ал 7 жастағы ұл бала бесінші қабаттағы пәтер терезесінен құлаған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырып үлгерген, алдағы уақытта ол облыстық балалар ауруханасына ауыстырылады.
Балалар қауіпсіздігі үшін есте сақтаңыз: