Алматыда пәтер тонап жүрген күдікті күдікті ізін суытпай ұсталды
Қаскөй пәтерге заңсыз кіріп, мүлікті ұрлап кеткен
Алматыда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде пәтер тонады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады. Қаскөй үйге заңсыз кіріп, үй иесінің мүлкін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдіктіні ұстау шарасы Алматы қалалық криминалдық полиция қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімшелерінің қолдауымен жүзеге асты. Сонымен қатар арнайы жасақ күштері де тартылды.
«Заң және тәртіп» қағидаты
Алматы қалалық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев полиция қызметкерлері мүліктік қылмыстарды ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті:
«Бөтеннің мүлкіне қол сұққан адамдар анықталып, заң аясында жауапқа тартылатын болады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Одан әрі тергеу-жедел шаралары жүргізілуде», - деді.
Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз
Алматы полициясы азаматтарды құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
- Есіктерді мықтап бекіту;
- Дабыл жүйелерін орнату;
- Басып кіру белгілері анықталса, дереу 102 телефоны арқылы полицияға хабарласу.