Коммуналдық сала қызметкерлері Димаш Құдайбергеновтің репертуарындағы «Тау ішінде» әніне бірге биледі
Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Талғат Рахманберді әлеуметтік желідегі парақшасында коммуналдық сала қызметкерлерінің ұйымшылдығын көрсететін видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеодан аудандағы коммуналдық сала қызметкерлері Димаш Құдайбергеновтің репертуарындағы «Тау ішінде» әніне бірге билеп жатқанын көруге болады. Олардың арасында алдыңғы қатарда тұрған қызметкер ерекше қылығымен көзге түсті. Жұрт оны актриса Дариға Бадықоваға ұқсатып жатыр.
«Бадықова деп қалдым», «Айсара, сенсің бе?», «Бірінші қатардағы Дариға Бадықова ма?», «Қандай сұлу қыз», - деп жазды желі қолданушылары.
Оқи отырыңыз: