Қазгидромет мамандары 15–17 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарын алдағы күндері әртүрлі метеожағдайлар күтіп тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада аптап ыстық жақындап келеді
- 15 маусым – ауыспалы бұлт, кей жерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел: солтүстік-батыстан, 9–14 м/с. Температура: түнде +17…+19°С, күндіз +26…+28°С
- 16 маусым – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел: солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 5–10 м/с. Температура: түнде +17…+19°С, күндіз +29…+31°С
- 17 маусым – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел: оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Температура: түнде +19…+21°С, күндіз +32…+34°С
Алматыда жылы болады
- 15 маусым – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел: шығыстан, 3–8 м/с. Температура: түнде +18…+20°С, күндіз +30…+32°С
- 16 маусым – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел: оңтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Температура: түнде +18…+20°С, күндіз +32…+34°С
- 17 маусым – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел: оңтүстік-шығыстан, 3–8 м/с Температура: түнде +18…+20°С, күндіз +32…+34°С
Шымкентте аптап ыстық күшейеді
- 15 маусым – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел: оңтүстік-шығыстан, 8–13 м/с. Температура: түнде +22…+24°С, күндіз +37…+39°С
- 16 маусым – жауын-шашынсыз, аптап ыстық. Жел: оңтүстік-шығыстан, 8–13 м/с. Температура: түнде +23…+25°С, күндіз +38…+40°С
- 17 маусым – аптап ыстық жалғасады. Жел: оңтүстік-шығыстан, 8–13 м/с. Температура: түнде +23…+25°С, күндіз +40…+42°С
Мамандар кеңесі
Мамандар күн ыстықта төмендегі кеңестерді ұстануға шақырады:
- Сусынды көбірек ішіңіз
- Тікелей күн сәулесінен сақтаныңыз
- Ашық түсті, жеңіл киім киіңіз
- Қоғамдық орындарда немесе үйде салқын жерде болуға тырысыңыз
- Жылу соғуы белгілері байқалса – бірден көмекке жүгініңіз.