Семейде ерлі-зайыпты Ертіс өзеніне ағып кете жаздады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Семей қаласының құтқарушылары ерлі-зайыптыны ағыс бойымен 7 шақырым төмен жерден тапты

Фото: Видеодан скрин

Семей қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Ертіс өзенінде моторы істен шыққан қайықтағы екі адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайықта ерлі-зайыпты болған

Анықталғандай, ағыс бойымен 7 шақырым төменге қарай кеткен қайықтың ішінде 1990 және 1987 жылы туған ерлі-зайыптылар болған.

Екеуінің де жағдайы жақсы, медициналық көмекке жүгінудің қажеті болмаған.

Қайық жағаға сүйреліп шығарылды

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, адамдарды жағаға аман-есен жеткізді, сондай-ақ қайықты сүйреп шығару жұмысын да жүзеге асырды.

ТЖМ ескертуі

Төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарында демалушыларға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.