$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астананың қақ ортасында екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды

Кабанбай батыр даңғылындағы апат салдарынан Lexus төңкеріліп түсті

Астананың қақ ортасында екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды
Фото: T.me/Kris_p_astana

Астанада ірі жол-көлік оқиғасы болды, салдарынан бір көлік аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Chevrolet жолаушысы жарақат алды

Оқиға орнының фотосуреттері әлеуметтік желілер мен Telegram арналарда тарап кетті. Жол апатына қатысты Астана қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Lexus көлігінің жүргізушісі Кабанбай батыр даңғылымен келе жатып, оңға бұрылу кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген.

Нәтижесінде Lexus көлігі Chevrolet автокөлігімен соқтығысып, төңкеріліп қалған.

«Жол апаты салдарынан Chevrolet автокөлігінің жолаушысы зардап шекті», – деп хабарлады полиция.

Тергеу жүргізілуде

Жарақат алған адамның жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жария етілген жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеуде. Жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары