$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада ер адам ескерту жасаған басшысының екі саусағын балтамен шауып тастаған

Кәсіпкер әйелге шабуыл жасаған қызметкер ұсталды

Қызылордада ер адам ескерту жасаған басшысының екі саусағын балтамен шауып тастаған
Фото: istockphoto.com

Қызылордада кафе иесі әйелдің екі саусағын балтамен шапқан оқиға қоғамда резонанс тудырды. Бұл туралы заңгер Ғабит Өмірбеков Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның мән-жайы

Заңгердің айтуынша, оқиға жұмыс барысында болған. Кәсіпкер әйел өзінің қызметкеріне жұмыс міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін ескерту жасаған.

Алайда ер адам ескертуге шыдай алмай, ашуланып, әйелге қол көтеріп, одан кейін қолын үстелге қойып, балтамен екі саусағына ауыр соққы жасаған.

«Бұл іс ҚР ҚК 107-бабы (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) және 110-бабы (психологиялық қысым, қорлау) бойынша сараланған. Алайда бұл іс 106-баппен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қаралуы тиіс. Бұл – жай ғана тұрмыстық кикілжің емес, бұл – кәсіпкер әйелдің еңбек құқығы мен қауіпсіз еңбек жағдайына конституциялық құқығының бұзылуы», – деп жазды адвокат.

Полиция не дейді?

Қызылорда облыстық Полиция департаменті бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді.

«Жәбірленушіге дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Іс Қызылорда облысы ПД басшылығының ерекше бақылауында тұр», – делінген ресми хабарламада.

Полиция тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат беруден бас тартты.

Жәбірленуші тараптың талабы

Зардап шеккен кәсіпкер мен оның өкілдері іс объективті тергеліп, кінәлі тұлғаның толық көлемде заң алдында жауап беруін талап етуде.

Серіктес жаңалықтары