$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тағы бір спортшы әкім болды

Ол Шымкентте дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып қызмет еткен

Тағы бір спортшы әкім болды
Фото: pixabay

Кезінде дзюдо құрамасында 81 келіде күрескен Маратбек Мықтыбеков Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Ол бұған дейін 2023 жылдың қарашасынан бүгінгі күнге дейін Шымкентте дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып қызмет еткен.

«Маратбек Мықтыбеков 1981 жылы Түркістан облысының Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған», - деп жазды портал.

Көп жыл бойы спорт саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Соның ішінде күрес түрлері бойынша Олимпиадалақ даярлау орталығының директоры, ҚР дзюдо федерациясының I-вице-президенті, бокстан Азия конфедерациясы атқарушы директорының кеңесшісі, ҚР спортты дамыту дирекциясының директоры, ҚР бокс федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымдарында қызмет атқарды.

Есске сала кетейік, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Жамбыл облысындағы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет істеген болатын.

Серіктес жаңалықтары