Президент Португалия күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады.
Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстың жетістікке толы боларына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас португал халқына құт-береке тіледі.