$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

10 маусым күнгі сауда барысында доллар бағамы аздап төмендеді

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 10 маусымда ресми бекіткен курс – 508,5 теңге

10 маусым күнгі сауда барысында доллар бағамы аздап төмендеді
Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,12 теңгеге арзандап, 508,42 теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 10 маусымда ресми бекіткен курс – 508,5 теңге.

Kurs.kz сайтының хабарлауынша, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 509,16 теңге, сату – 511,09 теңге. Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орташа алғанда 506,7 теңгеден сатып алып, 512,71 теңгеден сатуда.

Еске салайық, 2 маусымдағы күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,55 теңгеге көтерілсе, 3 маусымда 0,71 теңгеге өсті, 4 маусымда 0,47 теңгеге, 5 маусымда 1,11 теңгеге, 9 маусымда 1,66 теңгеге төмендеген болатын.

Серіктес жаңалықтары