Орманға дәрілік шөп теруге кеткен әйел адасып қалған
Шығыс Қазақстан облысының Старая Черемшанка ауылында тұратын 68 жастағы зейнеткер Зимовье ауылына жақын орманға дәрілік шөп теруге барып, жол таба алмай, адасып қалған. Әйел кешке үйіне оралмаған, ал келесі күні туыстарына хабарласып, орманда екенін және қайтар жолды таба алмай жатқанын айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар туралы хабар түскен бойда арнайы қызметтер жұмылдырылды:
Бұл ресурстардың үйлесімді жұмысы іздестіру жұмыстарының тиімді болуын қамтамасыз етті.
Іздеу басталғаннан бірнеше сағаттан кейін әйел адам орман ішіндегі төбенің етегінен табылды. Ол қатты шаршап, бағыт-бағдардан айырылған, бірақ жарақат алмаған, медициналық көмек көрсетіліп, жақындарына табысталды.
Құтқарушылардың үйлесімді жұмысы қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесті.
ШҚО Полиция департаменті тұрғындарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
Жолдан адассаңыз немесе төтенше жағдай орын алса, 102 нөміріне дереу хабарласыңыз.