$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Болгария президентін әуежайдан шығарып салды

Астанада өткен кездесуде екі елдің басшылары ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады

Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Болгария президентін әуежайдан шығарып салды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президенті Румен Радевті елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада өткен кездесуде екі елдің басшылары ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

«Біздің нарықта 60-қа жуық болгар компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта біз тау-кен өнеркәсібі, өндіріс, көлік және құрылыс салаларында жемісті ынтымақтастық орнаттық. Энергетика, транспорт және логистика, жасыл энергия, атом өнеркәсібі, ғарыш, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау, туризм секілді перспективті салалар бойынша ықпалдастықтың әлеуеті зор», – деді Қазақстан президенті.

Ақорданың мәліметінше, келіссөздерден кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен келісім жасалып, мынадай құжаттарды алмасу рәсімі өтті:

  1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Болгария Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  2. Астана мен София қалалары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  3. Шымкент және Пловдив қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Болгария Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  5. «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Болгарияның сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Серіктес жаңалықтары