$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда 3,6 млн теңге жымқырмақ болған шенеуніктің былығы әшкереленді

Сот үкімі бойынша бөлім басшысы А. Өсербаев кінәлі деп танылды

Алматыда 3,6 млн теңге жымқырмақ болған шенеуніктің былығы әшкереленді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматы қаласының Жетісу аудандық соты 2025 жылдың 20 мамырында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Өсербаевты кінәлі деп таныды. Сот шешімі бойынша, ол «Suberpro-com» ЖШС өкілімен заңсыз әрекеттерге баруға оқталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыс мәні: 3,6 млн теңгені жымқыру әрекеті

Антикор мәліметінше, А.Өсербаев церебралдық сал ауруы диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге шарт жасасуға көмектесемін деген желеумен 3,6 млн теңге көлеміндегі қаражатты жымқыруға оқталған. Бұл әрекет қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану ретінде бағаланды.

Өмір бойына мемлекеттік қызметке тыйым және айыппұл

Сот шешімімен А. Өсербаевқа:

  • Мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет етуге өмір бойына тыйым салынды,
  • 27 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Құқықтық ескерту: кінәсіздік презумпциясы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі шықпайынша, әр адам кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары