ТЖМ құтқарушылары үйді өрттен қорғады
Тараз қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, төрт бірдей бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Тараз қаласының Абай даңғылында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
«Өрт сөндірушілердің күшімен өрт толық сөндірілді. Баспалдақтар арқылы 1 адам құтқарылып, 15 адам оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ТЖМ хабарламасында.