$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да Қырғызстан азаматы есірткі сақтағаны үшін 800 мың теңгеге жуық айыппұл арқалады

Ол есірткіні сату үшін емес, өзі тұтыну үшін сақтап жүрген

БҚО-да Қырғызстан азаматы есірткі сақтағаны үшін 800 мың теңгеге жуық айыппұл арқалады
Фото: Freepik.com

Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық сотында Қырғызстан азаматына қатысты есірткіге байланысты қылмыстық іс қаралды. Ол Қазақстан шекарасы арқылы марихуана тектес зат – гашишті заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куртка қалтасындағы гашиш: жеке тұтыну үшін сақтаған

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы 2025 жылдың сәуірінде Мәскеуде танысының үйінде 0,39 грамм гашиш сатып алып, оны курткасының қалтасында сақтаған. Ер адам есірткіні жеке тұтыну үшін алғанын мойындады.

Шекарадан өткен сәтте ұсталды

Кейін ол «Toyota Estima» көлігімен жолаушы ретінде Қазақстанға келе жатқанда, «Тасқала-Автомобиль» шекара бекетінде ұсталды. Есірткі заты оның өз еркімен берілгені атап өтілді.

Сот үкімі: ірі емес көлемдегі есірткі үшін айыппұл

Сот ер адамды заңсыз иемдену, сақтау және Қазақстан шекарасы арқылы өткізуге әрекеттенгені үшін кінәлі деп танып, оған 786 000 теңге көлемінде айыппұл салды. Айыппұл нақты есірткі затын сатуға емес, сақтауға және алып өтуге ниеттенгені үшін берілген.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ, тараптар апелляциялық шағым түсіру мүмкіндігіне ие.

Серіктес жаңалықтары