Тоқаев пен Пәкістан премьер-министрі бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Олар алдағы ынтымақтастық мәселесін талқылады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан президенті мен Пәкістан премьер-министрі бір-бірін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен алдағы перспективасы талқыланды.