Жаңа кардиохирургиялық бөлімше ресми түрде іске қосылды
Астанадағы №1 көпбейінді қалалық ауруханада ашық жүрекке алғашқы операция сәтті жасалды. Бұл Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар жаңа кардиохирургиялық бөлімшенің ресми түрде іске қосылғанын білдіреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бөлімше арқылы елорда тұрғындары мен басқа өңірлерден келген пациенттер мынадай жоғары технологиялы операцияларды ала алады:
Қазіргі кезде республикалық орталықтарда жүктеме жоғары. Сондықтан бұл жаңа бөлімше – уақыт талабынан туған қажеттілік. Ол өмірлік маңызды медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуіне сеп болмақ.
«Жаңа орталық ЖІА мен жүрек қақпақшасы ақауларына байланысты өлім-жітімді азайтуға ықпал етеді», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Қазақстанда жүрек-қан тамырлары аурулары өлім мен мүгедектіктің негізгі себебі саналады. Сондықтан кардиохирургия саласын дамыту – мемлекет үшін басым бағыттардың бірі.