08.06.2025, 10:05
Жаңалықтар
Ақтауда нөсер жаңбырдан кейін қала көшелерін су басты
430 текше метр су жиналды
Фото: қала әкімдігі
Ақтауда толассыз жауған жаңбырдан кейін қаланың бірнеше көшесінде жаңбыр суы жиналып, жол қозғалысына кедергі келтірді. деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, коммуналдық қызметтер 430 текше метрге жуық жаңбыр суын сорып шығарған.
Қай жерлерді су басты?
Су басу жағдайлары келесі аумақтарда тіркелді:
- №24 және №31 автомобиль жолдарының қиылысы
- 16-ықшам аудандағы «Инара» тұрғын үй кешені маңы
- 31б және 32б ықшам аудандары арасы
- №29 автожол бойындағы «Хазар» базары аумағы
- «Сары базар» маңы
Қанша техника мен маман жұмылдырылды?
- 9 маман
- 1 арнайы техника
- 5 мотопомпа
- Сорғы құрылғылары мен бойлер
Қазір де жаңбыр суын сору жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар қауіпті аймақтарды бақылауда ұстап отыр.
«Су сору жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Арнайы техникамен тұрғындарға кедергі келтірмеу үшін жұмыстар түнгі уақытта да жалғасады», – делінген әкімдік хабарламасында.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты